Қостанай қаласындағы №51 бөбекжайдың «Балдырған» ортаңғы тобында зерттеу жұмыстары өткізіледі. Зерттеу барысында бала өз қажеттіліктерін қанағаттандырады, үнемі ойлауды, есте сақтауды, зейінді дамытады.
Бақылау, салыстыру, орнына қою сияқты дағдыларды да қалыптастыруға ықпал ететін зерттеу жұмыстарының маңызы зор. Сыртқы әлеммен байланысқа және өзара әрекеттесуге ұмтылыс, жаңа мәселелерді табу және шешу – адамның маңызды қасиеті. Бала дүниеге келгеннен өзін қоршаған әлемді ашушы, зерттеуші. Олар ақыл-ой жұмысын жақсы көреді. Сондықтан да болар, зерттеу жұмысы – баланы қызықтырудың жолы. Балалармен зерттеу жұмыстарын әртүрлі ұйымдастыруға болады. Өйткені, бала – қоршаған ортаны табиғи зерттеуші.

Қазіргі уақытта зерттеу жұмысы арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың рөлі ерекше, сол арқылы бала да өзін тұлға ретінде қалыптастырады. Себебі, әр баланың өзіндік танымдық қабілеті бар. Бала жасанды зерттеуде қоршаған ортаны жақсы тани алады. Зерттеу жұмысы мектепке дейінгі шақта басталуы маңызды. Сол уақытта бала айналаны тануға құштар болып келеді және өзінен үлкендерге «Бұл не?», «Ол қалай?», «Неге бұлай?» дегендей көптеген сұрақтар қояды. Сол себепті, баланы ерте жастан үнемі қызығушылық танытуға үйрету керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік әрекетін дамытудың тиімді құралдарын іздеу теориялық және практикалық шешімдерді қажет ететін өзекті мәселе саналады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың мүмкін құралдарының ішінде ғылыми-зерттеу қызметі ерекше назар аударуға лайық. Зерттеу әрекеті барысында балалар дүниенің құрылымын танып-біледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстары – ізденіс пен зерттеуге негізделген интеллектуалдық және шығармашылық әрекеттің ерекше түрі. Сондай-ақ, ол заттардың құрылымын, қоршаған дүние құбылыстары арасындағы байланысты түсінуге, ретке келтіруге және жүйелеуге бағытталған.
Іздену әрекеті неғұрлым жан-жақты және қарқынды болса, бала соғұрлым жаңа ақпарат алады, тезірек әрі толық дамиды. Тапсырма неғұрлым қызықты болса, бала оны орындауға соғұрлым белсенді қатысады. Бұл жағдайда зерттеу және іздеу жұмыстары үлкен маңызға ие. Бала бір нәрсені естіп, көріп, өзі істегенде білім берік және ұзақ уақыт бойы игеріледі. Табиғаты бойынша балалар зерттеуші, олар қоршаған әлемді қуанышпен және таңданыспен ашады. Олар бәріне қызығушылық танытады. Дүние балаға оның жеке сезімдері, әрекеттері және тәжірибесі арқылы ашылады.
Балжан СЕЙЛОВА,
№51 бөбекжайдың тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.