Тәрбие негізі – ұлттық құндылықта

Выпуск - №43(640)   :   31.10.2024
853

8-2-1


Қарқынды дамып келе жатқан заманауи әлем қиындықтары мен қауіп-қатерлерімен мектеп жасына дейінгі балалардың санасына әлеуметтік желілер, телебағдарламалар және ересектермен қарым-қатынас арқылы әсер етеді.
Тәрбиешілердің айтуынша, бос уақытын ұялы телефон немесе компьютерде өткізетін 4-6 жас аралығындағы балалардың саны жыл санап артып келеді. Көптеген балалар зорлық-зомбылық элементтері бар ойындарды ойнап, ойын-сауық сипатындағы бағдарламаларға қызығады. Ал, моральдық қасиеттерді үйрететін мультфильм кейіпкерлерін жақсы көретін балалардың саны азайып барады.

Аталған мәселелердің пайда болуына интернеттегі ақпараттың шексіз қолжетімділігі, көретін бейнеконтентке бақылаудың жоқтығы және ата-аналардың жұмыс пен отбасы арасындағы теңгерімсіздік сияқты себептер әсер етуде. Сондықтан, бұны мұғалімдер мен ата-аналар бірлесіп шешуі керек. Осыған орай, ұлттық санасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу мәселесі өзекті болып отыр.

8-2-2

Қазақтың ақыны Мағжан Жұмабаевтың сөздері әр тәрбиешінің көкейінде: «Ұлттық тәрбие – ұлттың болашағы. Ұлт перзенті еліне, халқына қызмет ететіндіктен, тәрбиеші де баланы осы халықтың құндылықтарына тәрбиелеуі керек». Балабақшамыздың тәрбиешілері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы патриоттық, жауапкершілік, үлкенді құрметтеу, жақындарына сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қалыптастыруда. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ең тиімді құрал – ойын әрекеті. Осы орайда, олардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық, спорттық және ашық ойындарды, мамандық бойынша балалар ойындарын, «Ана мен қыз» ойындарын қолданамыз.

Күй, бесік жыры мен балалар әндерін, жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, балалардың тілдік қарым-қатынасына қолайлы ертегілерді тыңдаудың ұлттық болмысты қалыптастыруда маңызы зор. Балалар қоғамдастығын қысқа мерзімді жобаларға, мақсатты серуендер мен экскурсияларға, эксперименттік іс-шараларға тарту – бала бойында ұлттық табиғи ресурстарға деген қамқорлықты қалыптастыруға көмектеседі.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде біз «Қамқор», «Ұшқыр ой алаңы», «SMART BALA», «Шабыт», «Еңбегі адал – жас өрен», «Балалар кітапханасы» сияқты жобаларға балалар мен ересектердің қатысуына ықпал жасаймыз. Бұл білім беру бастамалары құндылықтарды сіңіруге, балабақшадағы волонтерлік іс-шараларға белсенді қатысуға, әртүрлі мамандықтарға қызығушылықты дамытуға, шығармашылық пен кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға көмектеседі.

Елена БРИТВИНА,
«Улыбка» б/б әдіскері,
Гульдана УРКУМБАЕВА,
қазақ тілі мұғалімі,
Лисаков қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.