Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
24/08/26 Понедельник

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Выпуск - №1(649)   :   10.01.2025
906

2

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Сондықтан, жастарымыздың тәрбиесіне мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай, балабақшадағы тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру аса қажет.

Балаларымызды ұлттық құндылықтарымызбен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу – балабақша тәрбиешілері мен ата-аналардың басты міндеті. Бүлдіршіндердің ой-өрісін арттырып, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамыту жолында салт-дәстүрлеріміз, құндылықтар мен ұлттық аспаптарымыз және ұлттық тағамдарымызбен қоса ертегілер мен жұмбақтар, мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.

1


Амангелді ауданының «Балдырған» бөбекжайында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, аналар мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес, ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балабақша ата-аналарына балаларына ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру, оны тиімді пайдалану және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Түсіндіру жұмыстары салт-дәстүрлерді көрсету арқылы жүргізілді. Жалпы, дөңгелек үстелдің ерекшелігі – балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлесе үлгі болып, шеберлік көрсетуі.
Дөңгелек үстелдің басында ата-аналарға «Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру» атты тақырыпта баяндама оқылып, ата-аналармен «Білесіздер, білмейсіздер» атты танысу тренингі өткізілді. Артынша ата-аналарға балаларының фотосуреттерін көз жанарлары арқылы табу ойыны ойнатылды. Сонымен қатар, ата-аналар екі топқа бөлініп, білімділіктерін, шапшаңдықтарын бақылау мақсатында мақал-мәтелдер мен жұмбақ жасырып, жаңылтпаш қайталаудан жарысты.
Ал, шеберлік көрсету кезеңінде ата-аналар көрпе көктеу, жүн мақта түту жұмыс барысының орындалуын көрсетті. Сергіту сәті кезеңінде олар темір қасықтардың көмегімен ырғаққа ілесе отырып, «Ерке сылқым» күйін орындап берді. Күйге сүйемелдеу әсерлі болды. Соңында ата-аналар ой-пікірлерімен бөлісіп, қазақтың ұлттық құндылығын жоғалтпау, ұмытпау әрі жаңғырту мақсатында бүлдіршіндерімізге осындай шеберлік сыныптарды жиі көрсетіп отырудың қажет екенін айтты. Өткізілген жұмысты ата-аналардың алғыс сөздерімен қорытындыладық.

Толқын БАЙМОЛДИНА,
«Балдырған» бөбекжайының
педагог-психологы,
Амангелді ауданы

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!