Тәрбие мен оқыту – бөліп алуға келмейтін біртұтас процесс. Осы орайда, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында М.Сералин атындағы ЖББМ мектепалды сыныбында мақала тақырыбымен аттас іс-шара өтті.
Іс-шара ұл бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру, отбасындағы әкенің орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталуды көздеді. Қазіргі таңда ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөлін әлсіретіп алмаудың маңызы зор. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Ал, «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкенің мәртебесін одан бетер дәріптеген. Сол себепті де, басты мақсат – ұлттық тәрбие құндылықтарын ұрпақ санасына жеткізу.
Өнегелі іс-шараға сыныптағы 13 ер баланың әкелері мен аталары қатысты. Төрт кезеңнен тұрған іс-шарада отбасы құндылықтарына байланысты мақалдарды жалғастыру, «Жеті ата» ұғымы, асықтың жатыс түрлері, киіз үй бөліктері және ұлттық тәрбие бағытындағы сайыстар өткізілді. Сонымен қатар, әке, ата және бала арасында «Асық ату» ойыны болды. Іс-шараға жиналғандар әсем әуен тыңдап, балалардың өнерін тамашалады. Мерекелік іс-шара соңында қатысушылар мен көрермендер бірлесіп, Жолдасбек Абдихановтың «Менің әкем – ең жақсы адам» әнін орындады.
Осындай берері мол, тәрбиелік мәні зор мерекелік іс-шарада Федоров ауданынан арнайы келген ардақты атамыз – Жақупов Бейсембай Салықұлы өз көрген-білгендерімен бөлісіп, жас отбасыларға бала тәрбиесінің алғашқы әліппесін отбасында алып, адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланатыны жайлы айтып, балаларға ізгі тілегін жеткізіп, бата берді. Тағылымды іс-шара соңында ата-аналар жылы лебіздері мен алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықпен тарқасты.
Ақтолқын КУЛЬЖАБЕКОВА,
М.Сералин атындағы ЖББМ мектепалды
сыныптың педагог-тәрбиешісі,
Қарабалық ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.