Болашақ қоғамның мәдениет деңгейінің көрсеткіші – кітап оқу. Бала кітап оқуды көркем әдебиеттен бастайды. Көркем әдебиетті оқу бала тілінің байлығын ашады. Артынша балалар оны күнделікті қарым-қатынас барысында пайдалана бастайды.
Көркем әдебиеттің тәрбиелік, танымдық және эстетикалық мәні зор, өйткені баланың қоршаған әлем туралы танымын кеңейте отырып, нәресте тұлғасына әсер етеді, ана тілінің пішіні мен ырғағын нәзік сезіну қабілетін дамытады. Көркем әдебиеттер балаға қоғам мен табиғат өмірін, адамдық сезім мен қарым-қатынас әлемін ашып, түсіндіреді. Ол баланың ойлауы мен қиялын дамытады, оның эмоциясын байытады, ана тілінің тамаша үлгілерін береді.
Кішкентай бала әлі оқи алмайтындықтан, көркем сөзді ол үлкендердің оқығанын тыңдау арқылы қабылдайды, сондықтан әдеби шығарманы экспрессивті, эмоционалды түрде берудің ерекше маңызы бар. Көркем оқу, әңгімелеу өнерін меңгеру – балабақша тәрбиешісінің кәсіби борышы. Тәрбиешінің міндеті – өз дауысының реңктерінің барлық байлығын шебер пайдалану. Ол кітаптан оқылған шығарма мәтінімен алдын ала жақсы танысуы керек; бұл оған көркемдік орындауға сәйкес өрнек құралдарын дұрыс белгілеуге көмектеседі.
Әдеби шығармаларды балалардың жас ерекшелігін, қызығушылығын, дамуын ескере отырып таңдауы керек. 5-6 жастағы балаларды кітаптың суреттеріне қуана қарағанымен, мәтіннің мазмұны көбірек тартады. Кітапты оқып болғасын біраз уақыттан кейін баламен шығарманың мазмұны туралы әңгімелескен жөн. Өйткені бұл баланы оқығанының мәнін талдауға, адамгершілікке тәрбиелеуге үйретеді, сонымен қатар сабақтас, жүйелі сөйлеуге үйретеді, сөздікке жаңа сөздерді бекітеді.
Кітапты тындауға бала дайын болса ғана оны қабылдауы толық болады. Ал ол үшін балалардың назарын ертегінің, әңгіменің, поэманың және басқа да көркем шығармалардың мазмұнымен бірге, тілдің мәнерлі құралдарына аудару қажет. 5-6 жасар балалар тілдің идеясын, мазмұнын және экспрессивтік құралдарын түсінуге, сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын жүзеге асыруға қабілетті. Баланың сөйлеу тілін дамытуда көркем әдебиеттің рөлі зор, онсыз мектепте табысты білім алу мүмкін емес. Сондықтан тәрбиешілердің алдына көркем әдебиетпен танысу кезінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту мақсаты қойылады.
Мақсатқа жету үшін өзіне ол келесі міндеттерді қояды:
• Кітапқа және көркем әдебиетке қызығушылық тудыру.
• Балалардың сөздік қорын кеңейту және белсендіру. Ертегілердің, әңгімелердің, өлеңдердің негізгі жанрлық ерекшеліктерімен таныстыру.
• Өлең оқуда, сахналауда балалардың көркемдік және сөйлеу орындаушылық дағдыларын жетілдіру.
• Балалардың назарын бейнелеу және экспрессивтік құралдарға аудару (бейнелі сөздер мен өрнектер, эпитеттер, салыстырулар); шығарма тілінің көркемдігін, мәнерлілігін сезінуге, поэтикалық сөзге сезімталдыққа баулу.
• Кітап оқу арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі 5-6 жастағы балалардың көркем сөзді ләззат алу қабілеті қалыптасады, өз ана тіліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, оның дәлдігі мен мәнерлілігіне, бейнелілігіне негізі қаланады Осының бәрін балаға ең алғашқы көмекші болып келетін – кітап. Болашақта кім қолға кітапты жиі алып оқырман болатыны, кімнің болмайтыны 5-7 жаста анықталады. Балаларда кітапқа деген қызығушылық осы жастан арта бастайды. Бұл жас кезеңінде баланы балалар кітабының алтын қорымен таныстыру ерекше маңызды.
«Менің алғашқы кітапшам» және «Моя первая книжка» топтамасы екі тілде шығарылған, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Бұл топтамаға ең таңдаулы, танымал қазақ және орыс халықтарының ертегілерінің жинақтары кіреді. Кітап оқу балаға пайдалы болу үшін көп шығарма оқудың қажеті жоқ, ең бастысы оны қандай мақсатпен жасап жатқаныңызды білу. Баламен бірге ләззат алып оқу керек, сонда кітап өзінің негізгі мақсатын – жақсылық жасауға, әлемге қарап, оған сүйсінуге үйретуді орындайды.
Сахипжамал ЖУМАНОВА,
№5 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.