Облыс орталығында бүлдіршіндерге арналған тағы бір жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. «Әуежай» ықшам ауданында 280 орынға лайықталған мемлекеттік балабақшаның ашылуы – ата-аналар мен балалар үшін үлкен қуанышқа айналды.
Заманауи талаптарға сай бой көтерген балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, қала әкімі Марат Жүндібаев, Білім басқармасының басшысы Айман Ибраева, ұстаздар мен тәрбиешілер, «Әуежай» ықшам ауданының тұрғындары және ата-аналар мен балалар қатысты.
– Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – әр баланы мектепке дейінгі сапалы білім мен тәрбиемен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы бұл мәселеге үнемі назар аударып, нақты тапсырмалар беріп келеді. Сол мақсатта соңғы екі жылда облысымызда он жаңа балабақша ашылды. Қазір 3 пен 6 жас аралығындағы балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылған. Ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі қамту көрсеткіші – 92,5 пайыз. Егер тағы 5-6 балабақша ашылса, бұл көрсеткіш толық жүз пайызға жететін болады. Баршаңызды құттықтай отырып, жаңа балабақша балаларға да, ата-аналарға да жайлы, шуақты мекен болады деп сенемін, – дей келе Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы жыл соңына дейін бірнеше мемлекеттік және жекеменшік балабақша ашуды жоспарлап отырғандарын айтты.
Тәттілерден шашу шашылып, көпшіліктің қуанышын еселеген қызыл лентаны қию құрметі педагогика саласының ардагері Сәуле Елеусізқызы Каримова мен ата-аналар атынан Жанар Ысқаққа берілді. Ашылу сәтін тамашалағандар қуанышын жасырмады.
– Шынымен де, бүгін біз үшін ерекше қуанышты күн. Осындай әдемі, жаңа балабақшаның ашылып жатқанына шын жүректен қуаныштымыз. «Әуежай» шағын ауданымыз күннен-күнге көркейіп келеді. Өзім көпбалалы анамын. Үлкен қызым жақында «Келешек мектептері» жобасы бойынша ашылған заманауи мектепке барып жүр. Биыл бірінші сыныпта тәмамдады. Ал үш кішкентайым енді осы балабақшаға келетін болады. Балаларымызға жарық әрі жайлы орда болсын, – деді ата-аналардың атынан сөз сөйлеген көпбалалы ана Жанар Жанатқызы.
Балабақша директоры Вера Анатольевна Абитова жаңадан бой көтерген білім мен тәрбие ошағының мүмкіндіктерімен бөлісті:
– Балабақша 280 балаға шақталған. Жалпы 16 топ, оның ішінде 11-і қазақ тілінде, 5-еуі орыс тілінде білім беретін болады. Балабақшада топтық бөлмелерден бөлек музыка, спорт және акт залы, хореография кабинеті, сондай-ақ логопед пен психологтың арнайы бөлмелері бар. Қазіргі таңда 64 жұмыс орны ашылып отыр. Олардың қатарында техникалық қызметкерлер, аспаздар, медицина қызметкері, әдіскер, бухгалтер және тәрбиеші-педагогтер бар. Балаларды қабылдау басталып кетті. Басқа балабақшаға барып жүрген балаларды да ата-аналары кезекке қойып, осында ауыстыра алады, – деді ол.
Салтанатты ашылу рәсімінен соң, қонақтар жаңа балабақшаны аралап көріп, бүлдіршіндердің дайындаған шығармашылық нөмірлерін тамашалады. Кішкентай өнерпаздар ән айтып, би билеп, музыкалық аспапта ойнап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Осы топтың тәрбиеленушілеріне жетекшілік ететін тәжірибелі тәрбиеші Нургуль Абишева мен жас маман Асемгуль Нурушеваның айтуынша, балабақшада балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндік қарастырылған.
– Балабақша іші кең, жарық әрі жайлы. Балалар ойнайтын ойыншықтардан бастап, жиһазға дейін – барлығы жаңа. Әр топта ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Қазақ бұрышы» да бар. Осындай заманауи ошақта жұмыс істеуге мүмкіндік туғанына өте қуаныштымыз, – дейді Нургуль Сержановна.
Шынында да, жаңа балабақша заман талабына сай жабдықталған. Мұнда балалардың дене шынықтыруы мен шығармашылығын дамытуға арналған арнайы залдар, этномәдени бұрыштар бар. Танымдық қызығушылықты арттыру үшін шағын зертхана жұмыс істейді: бүлдіршіндер мұнда қарапайым тәжірибелер жасап, бақылау жүргізе алады. Ал мобильді кітапхана арқылы QR кодпен аудио ертегілер тыңдап, үйге кітап апарып оқуға мүмкіндік қарастырылған.
Балалар қауіпсіздігі да басты назарда. Балабақша ғимараты бейнебақылау жүйесімен, дабыл түймесімен толық жабдықталған. Барлық санитарлық талаптар мен өртке қарсы нормалар қатаң сақталған. Аулада футбол және баскетбол ойнауға арналған алаңдар, теннис үстелдері де орнатылыпты. Осылайша, жаңа балабақша «Әуежай» шағын ауданының бүлдіршіндеріне шаттық сыйлап, ата-аналарға үлкен қолдау болары сөзсіз.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.