«Сенім клубы» аналар мектебінің жұмысы аясында педагогикалық тәжірибе алмасу, жастарды ұлттық дәстүр негізінде тәрбиелеу мақсатында №54 бөбекжай педагогтерінің шығармашылық тобы ата-аналар мен тәрбиеленушілерді басты құндылықтармен таныстырды.
Отбасы – тәлім-тәрбиенің негізгі көзі. Бала тәрбиенің алғашқы сабақтарын отбасында алатыны белгілі, онда адамгершілік тәрбиенің негізімен сусындайды. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін дәстүрлер мен жоғары мұраттар кірпіші де осы шаңырақта қаланады. Айта кету керек, адамдар арасындағы өзара түсіністікке әкелетін өзгеге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімі тек ішкі жай-күйі берік отбасында қалыптасады. Осындай сөздермен жүргізуші тәрбиеші Алимбаева Айжан Азатқызы кездесуді бастады. Аталмыш іс-шара – тәжірибе алмасу ғана емес, ата-аналар мен педагогтер өзара еркін іс-қимыл жасауы үшін ашық платформаға айналды.
«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында өткен аналармен бірлескен іс-шара қазақ тілін оқыту кабинетінде кездейсоқ ұйымдастырылған жоқ. №54 бөбекжайда «Тілге бойлау» пилоттық жобасы енгізілуде. Осыған орай, қазақ тілі мұғалімі Оспанова Ақбота Рамазанқызы ата-аналарды осы жобамен таныстырып өтті. Өз сөзінде ол жобаның мақсаты – балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде ауызша сөйлеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру екендігін айтты.
Отбасы – қоғамның бірлігі, ұлттық дәстүрлерді сақтаушы. Балалардың алғашқы әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары ересектермен және олардың айналасындағы құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Сондықтан, іс-шарада тәрбиеленушілердің отбасыларымен тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығына да тоқталдық. Артынша тағылымды жиынды жалғастыруды және ұлттық тағамдардың тарихымен, қазақ және орыс халықтарының ұлттық киімдерінің алуан түрлілігімен танысу ұсынылды.
Бадраков және Шварцман отбасылары ұлттық киімнің дефилесін көрсетті. Шварцман Лилия Ильинична орыс ұлттық киімі туралы, ою-өрнектер мен киімдегі кестелердің маңыздылығы жайында қызықты деректерді келтіріп өтті. Әрмен қарай Келжан және Бадраков отбасылары ұлттық тағамдардың дайындалу жолдарын көрсетіп, балалармен бірге бауырсақ пен құймаққа қамыр иледі. Бұл тағамдарды дайындауға арналған аспаздық сабақ балалар үшін маңызды оқиға болды. Олар ұмытылмас әсер алғаны хақ.
Бұдан әрі педагогтер Айгүл Оспанғалиқызы және Елена Васильевна балалар мен олардың ата-аналарын «Домбыра» және «Қақпа» ойындарына шақырды, онда музыкалық жетекші Кашуба Ольга Ваильевна мұқият таңдаған музыкамен ұлттық ойындар барысында әртүрлі қимылдар жасалды. Отбасы құндылықтары насихатталған іс-шарадан қатысушылар керемет эмоциялар мен жақсы көңіл-күйге ие болды. Ал, соңында барлығы жайылған достық дастархан бойына жайғасты.
№54 бөбекжайдың
Аналар мектебі тәрбиешілерінің
шығармашылық тобы,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.