Мемлекетте орын алатын кез келген мәселеден шығудың негізгі кілті – патриотизм деуге негіз бар. Себебі еліне шынайы жаны ашыған адам ғана жағдайды өзгертуге аз да болсын үлесін қосуға тырысады.

Әр адам: «Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты, мен де ол үшін жауаптымын», – деген қарапайым ойды бала кезінен бойына сіңіріп өсуі қажет. Қостанай қаласындағы «Айгерим-Ай» балабақшасының мектепалды даярлық топтарында «Туым – мақтанышым» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараның негізгі мақсаты: еліміздің отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу. Себебі мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы орны ерекше екені даусыз.
Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні зор. Балабақшамыздағы шара барысында балалар әр түрлі ұжымдық, қозғалыс, дидактикалық ойындарды ойнай отырып, ту, тудың бейнесі, мағынасы, міндеті туралы ақпаратпен танысты. Жас ерекшеліктеріне сай «Рәміздер туралы» заңнамасынан қарапайым түсініктер алды. Біздің тәрбиеленушілеріміз мемлекеттік нышандарды шын ниетпен қадірлейді және бұны басқалардан да талап етеді. «Айгерим-Ай» балабақшасының ұжымы атамекенін, Отанын, халқын, тілін, мемлекеттік рәміздерін, салт-дәстүрлерін сүйе білетін жас ұрпақты тәрбиелеу жолында бірлесе жұмыс істеуде.
Аиэлита КУЖАХМЕТОВА,
«Айгерим-Ай» балабақшасы
қазақ тілі мұғалімі,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.