Қысқа әрі жарқын ғұмырын ағартушылыққа арнаған көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші Қостанай қаласының төрінде орнатылды. Оқушыларымызды ертіп, еңселі ескерткішті көріп қайттық.

«Тәрбие басы – тал бесік», – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Балаға сапалы білім беру үшін, ең алдымен, саналы тәрбие берілуі керек. Халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Бүгінде бала тәрбиесі мектепке дейінгі ұйымдарға жүктеліп отыр. Сондықтан баланың тәрбиесіне елеулі үлес қосып, туған жерін қадір тұтатын, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – педагогтердің басты міндеті. Осы мақсатты жалау етіп, балабақша педагогтерінің және ата-аналардың бірізділігінің арқасында, балабақшамыздың тәрбиеленушілерін Ыбырай атамыздың ескерткішіне апаруды жөн көрдік. Ауа райының құбылып тұрғанына қарамастан, саяхатымыз сәрсенбінің сәтті күніне түсті.
Жоспарлаған соң, сейсенбінің кеші батып, сәрсенбінің таңы атуын қалтқысыз күткен балалардың бойынан ерекше бір қуаныш пен жігер сезілді. Таң ата салысымен, балабақша ұжымы балаларды дайындап, жолға жиналуға көмектесті. Жол бойы балаларды қаламыздың түрлі ғимараттарымен, оқу орындарымен, орталығында орналасқан саябақпен таныстыруды жалғастырдық. Ыбырай атамыздың ескерткішіне жақындай келе, күннің шайдай ашылып, жылына бастағаны сезілді. Балалармен ескерткіш жанында естелікке суретке түсіп, Ыбырай атамыздың қандай дана ұстаз, жан-жақты тұлға болғанын әңгімелеп бердік.
Ескерткіштің тұғырындағы жастарды оқу мен білімге шақырған өлең жолдарын ұрандата отырып балабақшаға қайттық. Халқының дарынды перзенті, рухани мақтанышы, тұңғыш ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің біз үшін орны бөлек. Осылай біздің саяхатымыз да аяқталды. Ескерткішті өз көздерімен көріп қайтқан балалардың қуаныштарында шек болмады.
Динара ЕСЛЯМОВА,
№5 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.