Жылдың үздік тәрбиешісі

Выпуск - №4(601)   :   04.02.2024
1114

Мектепке дейінгі білім беру саласын жетілдіру, жаңашыл педагогикалық идеялар, технологияларды насихаттау және де педагогтердің белсенділігін анықтау мақсатында «Алпамыс» бөбекжайында тәрбиешілер арасында «Үздік тәрбиеші-2024» сайысы өтті.

Сайысқа қатысушы тәрбиешілер ретімен шығу үшін ортаға жеребе тасталды. Артынша рет-ретімен 5 бөлімнен тұрған тартысты сайыс басталып кетті. Алғашқы «Ал, қанекей танысайық!» бөлімі аты айтып тұрғандай, тарыстыруға негізделді. Қатысушылардың әрқайсысы өздерін қара сөзбен, домбырамен әндетіп, ерекше таныстыра білді. Әділ қазылар алқасы қатысушылардың сөз саптаулары, өзін көпшілік алдында ұстауын бағалады. Келесі қатысушылардың өз өнерлерін көрсетуге негізделген «Өнерлі өрге жүзеді» кезеңінде тәрбиешілер өздерін жан-жақты қабілеті мен қырларынан таныта білді.

Заман талабына сай әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып толығып жатыр. Жаңа технологияны, әдіс тәсілді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттыруға көп ықпалын тигізеді. Сондықтан да, үшінші «Заманауи жаңа технология бойынша көрнекіліктер топтамасы» кезеңінде әр педагог балалардың тілін, ой-өрісін, саусақ моторикасын дамыту мақсатында жаңа заманауи қолдан жасаған, ойлап тапқан жаңа көрнекі технологияларын ортаға алып шығып қалай пайдаланып, қолданатының көрсетіп түсіндірді. «Ас – адамның арқауы» демекші, ас мәзіріне негізделген төртінші кезеңде қатысушы педагог-тәрбиешілер халқымыздың ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағам түрлерін жасап, жасалу жолдарымен таныстырды.

Қазіргі таңда қатып қалған сән үлгісі жоқ екендігі баршаға аян, әр адам өзіне жарасымды, тартымды бітім-болмысына сай киінуі керек деп ойлаймын. Соңғы «Сән үлгісі-2024» кезеңінде барлық тәрбиеші-педагогтер классикалық сән үлгісін барынша көрсете білді. «Үздік тәрбиеші-2024» сайыстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша, асқан белсенділікпен қатысып, бас жүлде иегері атағын Ж.Хасен жеңіп алды. Жүлделі I орынға А.Асылбекова, II орынға З.Муканова, III орынға Т.Адилова ие болды. Ал, қалған тәрбиеші-педагогтер номинациялармен марапатталды. Сайыс соныңда қазылар алқасы әділ бағаларын беріп, құттықтау сөздерін сөйлеп, педагогтерге шығармашылық табыс тілеп, жеңімпаздарға дипломдар мен сый-сияпаттар табыстады.


Зауре МУКАНОВА,
«Алпамыс» бөбекжайының
тәрбиешісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!

Мир, в котором живет человек, зависит прежде всего от того, как его данный человек понимает, а следовательно, от свойств его мозга: сообразно с последним мир оказывается то бедным, скучным и пошлым, то наоборот, богатым, полным интереса и величия.

Умный человек и в одиночестве найдёт отличное развлечение в своих мыслях и воображении, тогда как даже беспрерывная смена собеседников, спектаклей, поездок и увеселений не оградит тупицу от терзающей его скуки.