Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Сол себепті де Қарабалық ауданындағы «Улыбка» бөбекжайында рухани-патриоттық тәрбие бағытына үлкен мән берілген.
.jpg)
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек – бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді.
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде, рухани-патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуді зерттеп, балаларға патриоттық тәрбие беруде жаңа технологияларды пайдалануды жөн көрдім. Патриоттық тәрбие беру арқылы баланың патриоттық сезімдерін ояту, ой-өрісін, көркем ойлау қабілетін, талғампаздығын арттыруға болады.
.jpg)
Мектеп жасына дейінгі балалалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда тіл дамыту сабақтарының алатын орны ерекше. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіру керек. Әрине, бала тәрбиелеу ісі балабақшадан басталғаны жөн. Себебі баланың жасы ұлғайған сайын оның ой-өрісі, білімі арта түсуі қажет. Осылайша бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыра отырып, ел болашағына үлес қосып келеміз.
Асель ИРЖАНОВА,
«Улыбка» б/б тәрбиешісі,
Қарабалық ауданы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.