Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі – жиырма жеті жылға жуық еңбек жолыма жолдама берген оқу орны. Осы жылдар ішінде талай топтың жетекшісі болдым. Биылғы оқыту қашықтан жүргендіктен ыңғайсыздық болғаны рас.
.jpg)
Биыл бастауыш сыныпта шетел тілінің мұғалімі мамандығының 1-курс студенттеріне топ жетекшісімін. Оқу қашықтан болған соң топпен жақынырақ танысып, ұжымды ұйымдастыру үшін, алдыма мақсат қойып, соған сай тәрбие жоспарын топпен келісе отырып құрдым. Жиырма тоғыз студентті қашықтан қалай танимын, ұйымдастыра аламын ба әлде жоқ па деген қорқыныш болды. Бірақ ақпараттық оқыту технологиясының арқасында жақын танысып, топты ұйымдастырып, қашықтан өткен әртүрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық.
Zoom платформасы арқылы аптасына бір рет кездесіп, «Менің келбетім» тақырыбында әр студент өзі жайлы бейнебаян жасады, қолынан келетін іс-әрекеттерімен бөлісті, содан соң оқу орнына сырттай саяхат жасадық. Үстіміздегі жылы колледжімізге 80 жыл толатындықтан, топ сағаттары соған сай алынды, колледждің мерейтойларына арнап шығарылған кітаптар бойынша оқырмандар конференциясын өткіздік. Оқу орнының тарихы, Ы.Алтынсарин есімінің берілуі, алғашқы түлектер, оқу орнының атын асқақтатып жүрген ғалым-түлектер жайлы материалдармен танысты.
Ы.Алтынсариннің туған күніне орай «Ы.Алтынсарин мұралары мәңгілік» тақырыбында өлеңдерін оқып, отбасы мүшелерімен ұйымдастырған Ыбырай әңгімелері бойынша шағын көріністердің бейнебаянын жасады. Жалпы тақырып «Колледжге – 80 жыл», оны үш тарауға бөліп «Кеше, бүгін, ертең» деп, оқу жылы басталғалы екі айда оқу орынының кешегісімен таныстық. Қараша және желтоқсан айларында бүгінгісімен және «Менің колледжім болашақта» жобасын қорғаумен аяқталды. Аталған жұмыстар арқылы студенттердің таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншіліктері артып, оқу орынына және оның түлектеріне деген құрмет сезімін оятуға тырыстым.
Тұлғаның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту мақсатында «Құндылықтарға негізделген білім беру», «Қоғамға қызмет» жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру мақсатында көпбалалы отбасына көмек бердік, әр студент көрші қарт кісілерге көмек қолын беріп тұрды және көпбалалы отбасына азық-түлік кәрзеңкесін жасап таратты. Тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне құрмет көрсетуге бағыттау мақсатында «Біз әртүрліміз, біз теңбіз, біз біргеміз» тақырыбында куратор сағаты ұйымдастырылып, бейнеролик жасалды, сондай-ақ қала тұрғындарына «Мейірімділік хатын» үлестіріп, қуаныш сыйладық. «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында көркем әдебиетке бай ұлттық кітапханаға барып, ақын-жазушылардың шығармалары және кітапхана ісімен таныстық.

Студенттерімнің жетістіктеріне тоқталар болсам, Дарина Қазгелді «Адамгершілік рухани білім болашақ маманның даму факторы ретінде» өңірлік ғылыми-практикалық форумына қатысып, жүлделі 3-орынға ие болса, облыстық тоғызқұмалақ сайысынан 2-орын алды. Альбина Минулина мен Айгүл Гайсина қалалық «Атамекен» ән байқауынан 3-орынға, Айдана Нұрғалиева республикалық «Үздік студент-2021» сайысынан жүлделі 1-орын мен төсбелгіге, адамның үйлесімді даму институты ұйымдастырған «Жақсы көріңіз, жақсылық жасаңыз» атты республикалық бейнероликтер байқауында 3-орынға, ал республикалық «Білімді ұрпақ – тәуелсіздік тірегі» эссе байқауына Ақерке Иният екеуі қатысып, бірінші орынға ие болды. Дарина Қазгелді мен Фарида Бақытжанова республикалық «Қылқалам шебері» байқауынан бас жүлдеге және 1-орынға, Ақерке Иният республикалық «Ы.Алтынсаринге 180 жыл» қашытан мәнерлеп оқу сайысынан 1-орын, Альбина Минулина мен Фарида Бақытжанова М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған қалалық және республикалық көркемсөз оқу сайысына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Уақыт зымырап өте шықты, қызығы мен қиындығы қатар болған 1-курс та аяқталды. Таза ауаға қалалық паркке шығып, ашық аспан астында жыл қорытындысын жасадық. Онда зияткерлік ойын жүргізіп, топтағы «Үздік биолог», «Үздік математик», «Үздік әдебиеттанушы», «Үздік тарихшы», «Үздік тіл маманы» номинациясы бойынша студенттерді анықтадық. Артынша жыл бойы түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысқан студенттер марапатталды. Бұл біздің 1-курстағы жетістіктеріміз. Алар асулар алда деп ойлаймын, себебі студенттердің бойындағы ашылмай жүрген қабілеттерін ашып, өзі-өзі жетілдіру жұмыстарын әрі қарай да жалғастырмақпыз.
Балжұма ТУРАГУЛОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық
колледжінің арнайы
пәндер оқытушысы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!